Публикации

Конференция мәжілісінен үзінді

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҚР ҰКП) ұйымдастыруымен 2015 жылдың 3 наурызында Астана қаласының Хилтон қонақ үйінде «Халықаралық арбитраж дамуының өзекті бағыттары» атты халықаралық конференция ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Р.М.Жүрсінов пен ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Ұ.А.Сүлейменованың модераторлық етулерімен өткізілді.

Конференцияға Ұлыбритания Корольдік арбитрлер институтының президенті Чарльз Браун,  Коммерциялық арбитраждық институтардың халықаралық федерациясының вице-президенті, Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының профессоры А.С.Комаров, РФ СӨП Халықаралық коммерциялық арбитраждық сотының төрағасы А.А.Костин, Ресейлік арбитраждық ассоциациясының басқарма мүшесі, арбитр, White & Case (Лондон) заң компаниясының партнері Дэвид Голдберг, Әділет министрлігінің вице-министрі З.Х.Баймолдина, Қазақстандық халықаралық арбитраждың төрағасы, академик М.К.Сулейменов, Шеврон Корпорациясы компаниясы Евразиялық бөлімшесінің құқықтық кеңесшісі Ж.С.Елюбаев, ҚР ҰКП  Арбитраждық орталығының Басқарушы кеңесінің төрағасы Б.А.Ахмедов, ҚР ҰКП  Арбитраждық орталығының Бас хатшысы Д.А.Шамшиев және тағы басқа ұйымдардан көптеген заңгерлер мен арбитрлер қатысты.

Аталған азаматтар өздерінің баяндамаларын жасағаннан кейін, олардың барлығы дөңгелек үстел басында жоғарыда көрсетілген тақырып бойынша талқылаулар, пікір-таластар өткізді. Негізгі мәселе Қазақстан Республикасының «Арбитраж туралы» жаңа Заң жобасы жайында болды.  

Барлығымызға мәлім, Елбасымыз 2012 жылғы 27 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Отандық арбитражды өркендетіп, олар халықаралық стандарттар негізінде жұмыс жасауы үшін жан-жақты шаралар қолдану қажет» - деп көрсеткен болатын. Осыған байланысты,  «Арбитраж туралы» жаңа Заң жобасы заңгерлер арасында қызу талқылануда және өткен конференциямыз сол тақырыпта жүргізілді.

Осы себепті, Арбитраждық және Аралық соттар туралы заңдарды бір Заң ретінде қабылдау туындап отыр. Өйткені, біріншіден, Арбитраждық және Аралық сот дегеніміз бір ұғымды көрсетеді, атап айтқанда, арбитраж дегенімізді француз тілінінен қазақшаға аударғанда «төрелік» деген ұғымды береді. Бүгінгі күндегі қолданыстағы «Аралық сот туралы» заңы бойынша еліміздің жеке және заңды тұлғалар араларындағы дауларды аралық сот қараса, ал тараптың бірі шетелдік болса, онда дау Төрелік сотпен қаралады.

Осы жағдайларды ескере отырып, А. Коробейников («Бейкер и Макензи – Си-Ай-Эс, Лимитед» компаниясының аға заңгері, Арбитраждық отралықтың арбитрі) өзінің сөзінде, отандық және шетелдік кәсіпкерлер бір деңгейде болуы тиіс, себебі олардың құқықтары мен міндеттері бірдей, осыған байланысты және соған сәйкес олардың арасында келісім-шарттар да жасалады, ал егер екі тарапта біздің еліміздікі болса, онда олардың құқықтары мен міндеттері неге өзгеруі тиіс, олай болуы дұрыс емес деген пікірін айтып, кәсіпкерлер араларындағы дау, олар өзіміздің елдікі немесе шетелдікі болғандығына қарамастан, бір Арбитраждық заңмен шешілуге тиістігін тұжырымдап айтты. Оның осы пікірімен қатысушылардың көбі келісті.

Ал жаңа Заң негіздемелеріне қарайтын болсақ, ол Халықаралық Юнситрал 1985 ж. (БҰҰ Бас  Ассамблеясымен бекітілген, 11.12.1985 ж.) және оның Реттемесінің үлгілеріне сәйкес жазылғанын байқаймыз. Сондай-ақ, Юнситрал заңының үлгі ретінде ұсынылған шарттарын көптеген елдер өздерінің қабылдаған заңдарына енгізгендігі белгілі. Ол өте дұрыс, себебі Заң барлық елдердің кәсіпкерлерінің мүдделерін біркелкі қорғалуына оң әсерін беруге тиіс, олай болса инвесторлар өздерінің мүдделері қорғалатындығына сенімді болады.

Өткен отырыс қатысушыларының шетелдік арбитраждық сот шешімдері қабылданып танылуға және орындалуға тиіс деген пікірлері бір ауыздан шықты.

Сонымен қатар, арбитраждық соттардың шешімдері мемлекеттік соттармен тексерілуге жатпауға тиістігін барлық қатысушылар қолдады. Ал Арбитраждық сот шешімдерін қабылдау кезінде іс-жүргізу тәртібі сақталды ма, әлде оның бұзылуына жол берілді ме, деген сұрақтарды ғана тексеру қажеттілігіне ешкімде қарсылық болған жоқ. Бірақ, ондай бақылау көлемі ұлғайтылуға жатпайды, себебі ол Нью-Йорк Конвенциясында, 10.06.1958 ж. толық көрсетілген.

Сот шешімінің орындалуын қамтамасыз ету мемлекеттік сот арқылы шешілуге тиіс екендігі де мақұлданды, себебі сот шешімдері мемлекеттік соттар қаулыларымен сот орындаушылары арқылы іске асырылатындығы белгілі.

Тұрақты арбитраждық соттар Әділет министрлігінен міндетті түрде тіркеуден өтеді, ал көптеген төрелік соттар бір істі қарау үшін ұйымдастырылғанда ешбір жерде тіркеуден өтпейді. Олар мемлекеттік баж салығын төлей ме әлде жоқ па, олардың қаралған істері қалай, қай жерде сақталатындықтары да белгісіз.

Әсіресе төрелік соттардың банктер, қаржылық және сондай көмек көрсету ұйымдарының қарамағында құрылуына конференция қатысушылары қарсылық білдірді. Себебі, бұл соттар кредит алған кәсіпкерлердің мүдделерін қорғауда аса белсенділік көрсетпейді деп санайды, өйткені олар қай банкте құрылса, сол банктің мүдделерін көбірек ескеретіндігі назарға алынды. Ал, Банктен несие алушы кәсіпкерлер, өздерінің келісім-шарттарында несие бойынша дау пайда болатын болса, онда оны осы банктің төрелік сотына жүгінуге міндеттенуге мәжбүр болатындықтары байқалады.

Конференцияға қатысушылардың негізгі талдаған сұрақтары, ол тараптардың құқықтары өздерінің еріктерінде болатындығын қатаң сақтау қажеттілігі. Себебі, заң талаптарына сәйкес талапкер де, жауапкер де, олардың істерін қай арбитраждық сотта қаралуын өз еріктерімен шешетіндіктері және істі қай арбитр қарауға тиістігін де олардың өздері шешетіндіктері ескерілді. Сонымен, арбитраждық соттың тараптар үшін тиімділігі, олардың құқықтары қалайда шектелмейді. Және арбитраждық сот шешімі, ол оны қабылдаған күннен бастап өз күшіне енеді және ол апелляциялық, кассациялық, қадағалау тәртібінде шағымдануға жатпайды.

Егер тараптар өз келісім-шарттарында қай арбитражға жүгінетіндіктерін көрсетпесе, онда ол сұрақ тұрақты арбитраждық орган, өзінің Реттемесіне сәйкес шешеді. Бұл сұрақты шешу Юнситрал үлгілі Заңына (6-бап) және оның Реттемесіне (6-бап) сәйкес мемлекеттік сотқа немесе ол арбитраж қызметіне ықпал жасайтын және оны бақылайтын құзіретті органга міндеттелетіні көрсетілген.                         

Аталған Заң талаптарына сүйене отырып, арбитр У.Шайкенов жаңа Заңда «арбитраж» және «арбитраждық сот» деген атаулардың қандай ұғымдарды білдіретіндігіне анықтама берілуге тиістігін көрсетіп өтті, себебі ол заңды қолданған кезде қателіктер жібермес үшін керектігін түсіндірді. Атап айтқанда, «арбитраж» - мекеме деген ұғымды білдірсе, ал «арбитраждық сот» - дауларды қарайтын құзіреті бар арбитрді немесе арбитрлер құрамын көрсетеді. Бұл жағдай әдістемелерге байланысты іс жүргізу тәртібін дұрыс қолдануға үлкен әсері бар дегендерін, қатысушылар өте орынды екендіктерін байқады.

Арбитраждық соттардың негізгі мақсаттары тек қана әділетті шешім қабылдаулары шарт екендігі белгілі, себебі бұл жағдайлар тараптардың арбитраждық сотқа үлкен сенім білдіруінің бірінші және нақты негіздері болып саналады. Ол дегеніміз инвесторлар өз құқықтарын біздің елімізде қорғайтындықтарына үлкен сенімде болатындығы түсінікті. Ал оның нәтижесі еліміздің өркендеуі үшін инвестиция құйуға кең жол ашады деп айта аламыз.

 

ҚР ҰКП Арбитраждық орталығының Бас менеджері Б.Ахметов

Новости

  • 20.10.2020

    Мастер-класс от МАЦ МФЦА / Master class from IAC AIFC

    Мастер-класс по написанию арбитражного решения Международный арбитражный центр (МАЦ) рад пригласить вас принять участие в мастер-классе по написанию арбитражных решений,
  • 16.06.2015

    Нормативно-правовые акты

    Регламент Центра Арбитража и Медиации соответствует типовому регламенту  ЮНСИТРАЛ европейской конвекции и составлен в рамках законодательства Республики Казахстан.
  • 15.06.2015

    Изменения в сфере законодательства

    В настоящее время в парламенте Республики Казахстан находится на рассмотрении проект нового закона об арбитраже, который разрабатывается в соответствии с
  • 1