Публикации

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының заңы туралы.

Бұл заң  Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуын және қызметін, елімізде кәсіпкерлікті дамытуға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

Ұлттық палатаны құрудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру болып табылады. Осы бағытта ұлттық палата кәсіпкерлік қоғамдастықты шоғырландыру, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіріп, қамтамасыз ету және қорғау, қауымдастықтардың мемлекеттік органдарымен өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыру, құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жәрдемдесу.

Аталған Заң талаптарына сай Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бүгінгі күні тұрақты Арбитраждық Орталығы құрылып, Біріккен Ұлттар Ұйымының (әрі қарай БҰҰ) тіркеуінен өтті. Сонымен Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының аралық (төрелік) талқылау орталығы – халықарлық сот қатарына жататындығын көрсетеді.  Ол өзінің қызметтік міндетін осы Орталықтың Реттемесіне және Ережесіне, сонымен бірге Қазақстан Республикасының қабылдаған халықаралық келісім-шарттарына сәйкес атқарады.

Арбитраждық Орталық азаматтардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың араларындағы азаматтық құқықтық қатынастарынан туындайтын дауларды қарайды. Олар Арбитраждық орталыққа талап арыздар түсірулері арқылы шешіледі.

Дауларды Арбитраждық орталықта қарау үшін, тараптар арасында жазбаша түрде жасалған келісім-шарты болуға тиіс. Тараптар істі қарау үшін арбитрлерді өздері сайлап алады. Олардың өздері қандай заңды қолдануды да таңдайды. Ол дегеніміз тараптар аралық сотқа өзінің сенімдерін білдіретіндігін көрсетеді. Сонымен бірге, іске басқа адамдардың қатысуларын тараптардың өздері шешеді. Бұл жағдайлар арбитраждық шешімнің заңдылығына олардың күмән келтірмейтіндігін көресетеді.

Егер тараптар арасында жазбаша түрде жасалған келісім-шарт болмаған жағдайда да, арбитраждық келісім тараптар арасында бекітіледі, егер бір жақ талап арызын қарауды Арбитраждық орталыққа тапсырса, ал екінші жақ-жауапкер талап арызға наразылығын келтіріп, бірақ істің сонда қаралуына қарсылық келтірмесе.  Егер тараптардың дауы мемлекеттік сотта қаралып жатқан кезде,  олар істің қаралуын осы сот шешім қабылдағанға дейін өзара келісіп, талап арызды Арбитраждық Орталықтың қарауына жолдауға құқылы.

Аталған жағдайларда тараптар Арбитраждық Орталықтың Реттемесімен және  Ережесімен толықтай келісетіндіктерін білдіреді.

Арбитраждық Орталықтың арбитрлары дауды негізі бойынша қарап, шешім қабылдайды. Олардың шешім түпкілікті болып саналады және ол сол күннен бастап өзінің заңды күшіне енеді. Сондықтан арбитраждық сот тараптар араларындағы дауды мемлекеттік соттарға қарағанда әлде қайда тезірек шешеді. Атап айтқанда, оның шешімі апелляциялық, кассациялық және бақылау тәртібінде қаралуға жатпайды.

Алайда бұл шешімге наразылық арыз келтіруге болады, ол мемлекеттік соттың қаралуына жатады. Бірақ, ол сот, арбитраждық сот шешімін заңдылық негізінен тексермейді, тек осы істі қарау кезінде арбитраждық сот процессуалдық (іс жүргізу) талаптарын сақтаған ба, әлде қателіктер жіберді ме, сол сұрақтарды ғана қарайды. Атап айтқанда: тараптардың бірі заңды түрде қабілетсіз немесе қабілеттілігі шектеулі деп танылса; егер арбитраждық келісім шарт тараптар арасында заң талабына сай келмесе, ал тараптар оны осы заңға бағындырса; тараптың бірі арбитрларды таңдау немесе оны тағайындау жайлы, немесе арбитраждық талқылаудың қай күні, қай уақытта, қай жерде болатындығы туралы бейхабар болса, осыған байланысты ол тарап өзінің мүдделерін қорғай алмай қалса; арбитраждық шешім арбитраждық келісімге қайшы немесе арбитраждық соттың құзіретіне жатпайтын істі қараған болса.

Әрине бұл жағдайлар істі қарар алдында арбитрлермен жан-жақты тексеріледі, сондықтан ондай кемшіліктерге жол берілуге тиіс емес.

Бір ескере кететін жағдай, ол дауды қараған кезде белгілі болған мағлұматтарды тараптар құпия деп таныса, онда олар жария етуге жатпайды.

Талап арызды арбитраждық сотта қарар алдында талапкер  Арбитраждық Орталыққа талап арызды тіркеу жарнамасын төлеуге тиіс, оның көлемі Ереже бойынша 60000 теңге. Содан кейін арбитраждық жарнама төленуі тиіс, оның көлемі даулы болып отырған соманың 2% құрайды. Заң талабына сай, егер талап арыз қанағаттандырылатын болса, онда ол төлемдер жауапкер жақтан талапкердің пайдасына өндіріледі. Айта кету керек, бұл төлемдер көлемі басқа арбитраждармен салыстырғанда төмен.

Сонымен аралық (төрелік) талқылау орталығының негізгі міндеттері: кәсіпорындардың, ұйымдардың, қоғамдардың, жеке тұлғалардың мүдделерін және құқықтарын қорғау, заңдарды дұрыс және біркелкі қолдануды қамтамасыз ету.

Елбасымыздың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауында және Парламенттің 5-і шақырылуының 2014 жылдың 02 қыркүйегіндегі ашылуындағы сөзінде: «Отандық арбитражды өркендетіп, олар халықаралық стандарттар негізінде жұмыс жасауы үшін жан-жақты шаралар қолдану қажет» - деп көрсеткен болатын. Осыған байланысты Үкіметке 2015 жылдың 1 сәуіріне дейін біріктірілген Арбитраждық заңды қабылдау тапсырылды. Себебі бүгінгі күні «Халықаралық арбитраж туралы» және «Төрелік сот туралы» заңдардың екеуі де қолдануда, ал екінші заң тек қана біздің еліміздің жеке және заңды тұлғалар арларындағы  дауларды қараумен ғана шектеледі. Егер шетел кәсіпкерлері қатысқан жағдайда, онда тек арбитраждық соттың қарауына ғана жатады.

Ал негізіне қарағанда арбитраждық және төрелік соттар атаулары бір ұғымды көрсетеді – яғни арбитраждық сот деген ұғымды, және осы соттардың өкілеттіктері де бірдей, айырмашылығы - төрелік сот еліміздің жеке және заңды тұлғалар арларындағы дауларды қарайды, егер тараптардың бірі шет ел тұлғасы болса, онда дауды арбитраждық сот қарайды. Жаңа «Коммерциялық арбитраж туралы» заң қабылданғаннан кейін, онда барлық тұлғалар арасындағы дау, еліміздің немесе шетел кәсіпкерлері, не заңды тұлғалары болуына қарамастан, бір ғана заң  қолдануға жатады.

Сонымен біріктірілген бір заңды қабылдау БҰҰ Бас Ассамблеясының 1985 жылдың 11 желтоқсанында Қарарымен бекітілген халықаралық қолданыстағы ЮНСИТРАЛ заңының Үлгі нысанасына үйлесімді келіп, халықаралық стандартқа сәйкес қабылданады деп сенеміз. Қазіргі қабылдаған Реттемеміз де, Ережеміз де сол Үлгіге сәйкестігі көп. Сондықтан елімізде құрылған арбитраждар отанымыздың және шетел кәсіпкерлерінің  мүдделерін қорғайтын заң болып табылады. Мұндай жағдайлар біздің елімізге шетел мемлекеттерінен инвестия түсулеріне кепілдік болады.

Елімізде арбитраждық жұмысты талдайтын, бақылайтын, арбитрлердің білімін-біліктілігін көтеретін, медиатрларды дайындап, оларға халықаралық дәрежедегі сертификат беретін, шетелдік арбитраждық мекемелермен қарым-қатынастар орнататын, орталық органы құрылуы қажет.

ЮНСИТРАЛ заңының Үлгі нысанасының  (6-бабына) және ЮНСИТРАЛ Арбитраждық Реттемесінің (6-бабына) сәйкес белгілі бір сұрақтар бойынша жәрдемдесу және басқа бір сұрақтар бойынша арбитражды бақылауға алу, өкілетті органға немесе мемлекеттік сотқа жүктелетіндігі қарастырылған. «Сыртқы сауда арбитражы» туралы Европалық конвенцияның (халықаралық келісім шартының 4-бабына) сәйкес осындай өкілеттілік тиісті бір органға жүктелетіндіктері қарастырылған.

Қазақстанның БҰҰ тұрақты өкілі 2014 жылдың 11 қыркүйегінде бізге жазбаша хабарлама түсірді, онда  Европалық конвенцияның 4-бабына сәйкес іс-әрекеттер Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Арбитраждық орталығына жүктелетіндігі көрсетілген. Сонымен, аталған Конвенцияға қосылған мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Арбитраждық Орталығының өкілетті орган болатындығы туралы және оның өкіліттілігі мен дәрежесі жайында хабардар етілді.     

Ал мұндай заң талаптары шетел мемлекеттерінің инвестрлерінің құқыларын қорғалатындығына кепіл болады және барлық кәсіпкерлер жұмысының дамуына үлкен септігін тигізетіндігі белгілі.

 

Арбитраждық орталықтың Б.Ахметов